Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері » СШ №7 им.Пушкина
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№7 Пушкин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 5-22-63
Есепші бөлімі:
+7(72636) 5-22-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері
04
август
2020

Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері

Жамбыл облысы,  Қордай ауданы

Қарасу ауылы
 №  7   А.Пушкин  атындағы орта  мектебінің директоры
 Шералиева Гүлдана Сагимбековна

Еліміздегі эпидемиялық төтенше жағдайдың жариялануына байланысты білім беру ұйымдары  ІҮ тоқсанда қашықтан оқытуға көшкендігі баршамызға мәлім. Қашықтан оқыту әлем елдерінің басым бөлігінде қолданылуда. Бұрын соңды кездеспеген, қалыпты жағдай болмағандықтан, қашықтан оқыту барысында, әсіресе мектеп оқушылары мен ата-аналарында көптеген қиындықтар кездесіп жатты. Адамдардың бойында осындай қиын кезеңде, жаңа  тәжірибемізде алғаш қолданылып жатқан  нәрсеге деген қорқыныш сезімінің болуы-қалыпты жағдай. Дегенмен, бұл уақытша қиындықтарды да еңсеріп келеміз.

Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, қашықтан оқытудың да тиімді тұстары мен  өзіндік қиындықтары бар екендігіне көз жеткіздік. Білім алушылардың тапсырмаларды орындауда еркіндігі мен уақыттың ыңғайлылығы және үнемділігі, мұғалім мен оқушы арасындағы арақашықтыққа қарамастан, оқытудың қолжетімділігі, шығындардың қысқаруы- қашықтан оқытудың тиімділігі болып табылады.

Ұстаздар қауымына пандемия кезіндегі қашықтан оқыту жаңа технологияларды, әдістерді, жаңа дағдыларды меңгеруге, шығармашылығын дамытуға, жаңа идеялардың пайда болуына, заман талабына сай тез бейімделуіне мүмкіндік беруде.

Қашықтан оқыту жүйесін ұстанған кездегі кейбір қиындықтардың туындағаны да заңды. Бір отбасында бірнеше оқушы болған жағдайда бір компьютер , немесе бір смартфонды пайдаланудың  ыңғайсыз болуы,  немесе кейбір жағдайларда қажетті техника мүлдем болмауы да жиі кездесіп жатты. Кейбіреулерінде интернет байланысы да жоқ болған жағдайлар да анықталды. Педагог пен оқушы арасында нақты бетпе-бет байланыстың болмауы да оқушыларды оқуға ынталандыру әдістерінің аз болуына деген қиыншылықтарға соқтырып жатты. Сондай ақ, қойылған міндеттердің орындалуына тұрақты бақылаудың болмауы – оқу үлгерімі мен білім сапасының төмендеуіне де алаңдаушылық туғызды. 

   Ақпараттық- коммуникациялық технология құралдарын көп қолдану- баланың физикалық және психикалық денсаулығына, жұмыс қабілеттілігіне кері әсерін тигізуі мүмкіндіктері де алаңдатты. Сондықтан техниканы қолдану барысында қауіпсіздік ережесін сақтау, уақытты тиімді пайдалану- бала денсаулығына келер зиянның алдын алуда да психологтар мен педагогтар тарапынан көптеген жұмыстар атқарылуда.

   Әрине, кез келген жаңа тәжірибеде осындай жағдайлардың орын алары сөзсіз. Қазіргі негізігі мақсат- қашықтан  оқытуды дұрыс жағынан пайдаланып, қиындыққа мойымай, үштік одақ, яғни, мектеп- ата-ана- оқушы бірлесе жұмыс жасай отырып, оқушыларға білім мен тәрбие  беруді жалғастыру, оқу жылын сәтті аяқтау болды. Нақтырақ айта кетсек ,мүғалімдер мен оқушылар қашықтықтан ұйымдастырылып жатқан халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық түрлі байқауларға қатысып, көптеген жүлделі орындарды бағындыруда. 

   Қай  кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы маңызды да жауапты  іс. Елдегі пандемия ерте ме, кеш пе аяқталады, ал тәрбие мен  білім қалады. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында осы кезеңнен абыроймен шығатынымызға сенемін.