АКТ
Тегін тамақтанатын оқушыларға ыстық тамақтың берілу жағдайын тексергендегі АКТ
Қаңтар айының 24.02.2020 ж. А. Пушкин атындағы №7 мектеп асханасының жұмыс барысы мен ыстық тамақтың сапасы және санитарлық-гигиеналық жағдайы тексерілді.
Тексеру мақсаты: мектеп оқушыларының дұрыс және де уақытылы тамақтану жағдайы, азық-түліктің талапқа сай берілуі.
Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген ыстық тамақпен қамту Қазақстан Республикасының барлық мекенді жерлерінде қарастырылған.
Асхана таңғы сағат 8.00 ден 16.25-ке дейін жұмыс істейді. Қазіргі таңда 150 әр санаттағы оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Тексеру барысындағы анықталғаны: ыстық тамақтың сапасы «қанағаттанарлық» деңдейде.
Барлық азық-түліктер арнайы орындарда орналасқан, өз мерзіміне сай сақталады. Тазалау, жинау жұмыстары уақытылы орындалады. Әр оқушыға күнделікті ыстық тамақпен бірге аптасына бір рет қосымша жемістер беріледі. Әлеуметтік педагог оқушыларды тізім бойынша белгілеп, тамақтануын қадағалап тұрады. Мектеп медбикелері күнделікті тамақтың сапасын тексеру жұмыстарын жүргізеді.
Мектеп ас бөлігі асханадан, буфет және тамақ сақтау бөлігінен тұрады. Асханада 1 тоңазытқыш, 2 мұздатқыш, 3 электр плитасы, 3 ыдысқа арналған шкаф бар. Бірақ 2 электр плитасы жұмыс істемейді. Қазіргі уақытта қалған құрылғылар жұмыс жасап жатқандығы анықталып, ауданға электр плитасына сұраныстар берілді.
Тексеріс соңында бірнеше ұсыныстар ұсынылды.
Ұсыныстар:
- Қолдануға жарамсыз ыдыстарды уақытылы ауыстырса;
- Ыдыс-аяқтарды арнайы талапқа сай тазалағыш заттармен тазаланып тұрса;
- Асхананың санитарлық індетке қарсы жүргізілетін тәртібін жүргізетін және ыдыс аяқтарды тазалау тәртібі сақталса.
Бракеражды комиссия мүшелері:
Мектеп директоры: Г.С.Шералиева
ДТЖО: Д.Р. Омурзакова
Board of Trustees мүшесі: Л.Г. Бадюкова
Медбике: К.Б. Абдраимова
ДШІЖО: Ч.Т. Омурзаков
Әлеуметтік педагог: А.С. Қабылбек
Ата-аналар комитетінің мүшесі: А.А. Абдуллаев